Алматыда биыл 2 мыңға жуық шетелдік депортацияланды

0
19

Алматыда заңсыз жұмыс істеуге келетін шетелдіктер көбейген. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Алматыда 14 712 шетел азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 1 737 шетелдік құқықбұзушы соттың шешімімен елден депортацияланған.

– Алматыға заңсыз жұмыс істеуге көбінесе көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ Африка кұрлығы елдерінің азаматтары келеді. Олар кұрылыс, қызмет көрсету, сауда-саттық, тамақтандыру салаларында жұмыс істейді, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылы Алматыда заңды тұлғаларға шетелден жұмыс күшін тартуға 1 242 квота бөлінсе, биыл 832 бірлік рұқсат берілген.

Ал, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 267 адам, Өзбекстан – 2 080 адам, Түркия – 946 адам, Үндістан – 885 адам.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз жұмыс істеген африкалықтар ұсталғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Алматыда шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 65 қазақстандыққа айыппұл салынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь