Елордада жаңа стадион салынады

«Мемсараптама» РМК Астанада Мұнайтпасов атындағы стадионның құрылысына жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді. 

 

Нысанның құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 14 мекен-жайы бойынша қарастырылған. Нысанның құрылыс алаңы 15 мың ш.м. асады.

«Болашақ стадионның ғимараты 3 600 адамға арналған үш қабатты болады. Стадион батыс және шығыс жағында әр түрлі қабаттағы екі блоктан тұратын жабық ғимарат болады, оның үстіне металл арка қосылған», — делінген министрліктің хабарламасында.

Жобаның құрылысына тапсырыс беруші «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, бас жобалаушы – «Құрылысконсалтинг ҰО» АҚ Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалы. Жобаны 16 айда аяқтау жоспарлануда.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *