Су тасқынынан кейінгі Еуропа: зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, шығын есептеліп жатыр

Румынияның Галац уезінде су тасқынынан мыңдаған үй зардап шекті. Осыдан кейін адамдар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Табиғи апат жолдар мен көпірлерді де қиратты. Ауа райының қолайсыздығынан көптеген қалада апат болып, адам шығынына әкеп соқты. Бұл туралы euronews.com жазды.

Су тартылған соң толған қоқыс пен қираған үйлер қалған.

Италияның Эмилия-Романья аймағында тазалау жұмыстары басталды. Ауа райынан қатты зардап шеккендерге еріктілер көмекке келді. Шығын көлемі әлі есептелмеген. Бірақ жұма күні Италия премьер-министрі Джорджия Мелони үкіметі бастапқы көмек ретінде 20 миллион еуро бөлуді мақұлдады.

Венгрия да қатты зардап шекті. 642 см-ге дейін көтерілген су Дунай өзенінің арнасынан асып кету қаупін тудырды. Дунай өзеніндегі су ең жоғары деңгейге жеткендіктен, онда су тасқыны шарықтау шегіне жетеді деп болжанып отыр.

Су тасқынының жаңа толқынына дайындық ретінде метро кіреберістері сияқты негізгі инфрақұрылымдық нысандар құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.

Айта кетейік, Еуропарламент Аустрия, Чехия, Германия, Венгрия, Польша, Румыния және Словакиядағы жойқын су тасқыны туралы қарар қабылдады.

Орталық және Шығыс Еуропада толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалған.

Еуропа билігі Чехия, Польша мен Австрияда қаза болған адамдар туралы хабарлап, табиғи апатпен күрестің жалғасып жатқанын ескертті.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *