V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1600 волонтер тартылды

Бұл жөнінде Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

 

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1600 волонтер тартылды,  олардың 20-сы — Қырғызстаннан, Ресейден, АҚШ-тан, Иорданиядан және Франциядан келген жастар. Сонымен қатар, 60 жастан асқан 30-ға жуық ер және әйел адамдар ерікті көмек көрсетуге ниет білдірді, олардың үшеуі – Ресей азаматтары. Барлық волонтерлер үлкен жұмыс атқарып, осы сәтті пайдалана отырып, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының сәтті өтуіне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Сіздердің ерікті қолдауларыңыз бен жұмсаған күш-жігерлеріңіз көшпенділер мәдениетінің жанкүйерлері үшін бұл спорттық мерекені жағымды және есте қаларлықтай етуге маңызды рөл атқарды. Барлығыңызға шын жүректен оқуда және жұмыста табыс, отбасылық бақыт және мықты денсаулық, барлық бастамаларыңызда сәттілік тілеймін. Волонтерлер штабының жетекшісі, Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаевқа және Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраевқа ерекше алғысымды білдіремін» , — деді Е.Каналимов.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *