Астанада түнгі автобустар тоқтайды

City Transportation Systems түнгі маршруттағы автобустар тоқтайтынын хабарлады.

Оқу жылы басталып, жолаушылар санының артуына байланысты, сондай-ақ, қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Айта кетсек, № 201, 202 және 203 түнгі бағдарлары іске қосылған күннен бастап 21 116 жолаушы тасымалдады.

  • № 201 бағдармен 10 534 жолаушы,
  • № 202 бағдар — 5 061 адам және
  • № 203 бағдарда 5 521 жолаушы жүрді.

Салыстырар болсақ, осы кезеңде бір қалалық бағдармен орта есеппен 500 мыңға жуық жолаушы жүрді, бұл — түнгі бағдарларға қарағанда әлдеқайда көп көрсеткіш.

Түнгі бағдарлардың алдағы уақыттағы жұмысын жоспарлау үшін сауалнама жүргізіледі.

cts_kz Instagram парақшасының профиліндегі сілтемеге өтіп, сауаланамаға қатысыңыз.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *