Сарыарқа ауданындағы 6 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

2024 жылдың құрылыс маусымының соңғы кезеңі аясында Сарыарқа ауданы абаттандыру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

Осы айда 6 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Олар: Г.Потанин көшесі, 18, Конституция көшесі, 14/1, І.Есенберлин көшесі, 19, Республика даңғылы, 29, Сарыарқа даңғылы, 41 және Сарыарқа даңғылы, 43 мекенжайларында орналасқан.

«Бұл аумақтарды абаттандыру жұмыстарына тас төсемін жаңарту, жаңа ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ демалыс орындарын жайластыру кіреді. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың жайлылығын арттырып қана қоймай, ауданның жалпы көркін жақсарта түсетініне сенімдіміз», — дейді аудан әкімі Бауыржан Ералы.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *