8 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 8 қыркүйек  күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген?

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1962) G-Global халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербекұлы НӨГЕРБЕКОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында туған. 1984 жылы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1984 жылы Қарқаралы мал дәрігерлік техникумында комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. 1985-1986 жылдары Кеңес армиясында мерзімді қызмет өткерген. 1986-1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қарқаралы аудандық комитетінің екінші хатшысы болды.1987-1988 жылдары «Қарағанды Трансагенттік» АТК Қарқаралы агенттігінің бастығы, 1988-1991 жылдары Агроөнеркәсіп кешені кәсіподақ қызметкерлерінің Қарқаралы аудандық комитетінің нұсқаушысы болды. 1991-1992 жылдары «Алтын Емел» АҚ-да жабдықтау жөніндегі менеджер болып жұмыс атқарған. 1992- 1994 жылдары Республикалық сыртқы экономикалық «Қазөнеркәсіпэкспорт» кәсіпорыны «Көмір-экспорт» фирмасының директоры. 1994-1998 жылдары Мемлекеттік сыртқы экономикалық «Қазыбек» корпорациясының вице-президенті. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасындағы Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының филиалы директорының орынбасары. 2000 жылы «Аймақаралық клиринг палатасы» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2000-2002 жылдары Қарағанды облыстық Қаржы басқармасының бастығы, 2002- 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің директоры. 2005- 2007 жылдары «Еснұр және К» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, 2007- 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Президенті. 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2012- 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бесінші шақырылымының депутаты. 2015-2020 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

2021 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

«Парасат» орденімен(2015 жылы), «Ерен еңбегі үшін»медалімен (2008 жылы), мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған.

58 жыл бұрын (1966) «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Юрьевич ТАРАКОВ дүниеге келді.

УКСР Чигирин қаласында туған. Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген (1988), әскери-теңіз флотының офицері-саяси қызметкері, тарих пен қоғамтану пәндерінің мұғалімі.

1988 жылдан Солтүстік флотта офицер-саяси жұмыскер болып қызмет еткен. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің жетекші, бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, сараптамалық-талдау жұмыстары мен жедел ақпарат бас басқармасының бастығы. 1994 жылдан ҚР Президенті жанындағы Талдау мен стратегиялық зерттеулер орталығында сектор меңгерушісі, жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1997 жылдың мамырынан ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 1997 жылдың желтоқсанынан ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 1998 жылдың мамырынан ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі. 2002 жылдан РФ ҚР Өкілеттігінің кеңесші-уәкілі. 2004 жылдан «Литер Media» компаниясы бас директорының орынбасары. 2004-2008 жылдары «Liter-Media» ЖШС атқарушы директоры, 2008-2012 жылдары «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеті» ЖШС бас директоры болған.

Қазіргі қызметінде – 2012 жылдың мамыр айынан бері.

«Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Тұрлыбекұлы ПЕРУАШЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы, ғылым кандидаты. 1984 — 1991 жылдары М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қаласы); 1995 — 1996 жылдары ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы); 1998 — 2000 жылдары Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы); 2011 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.

Еңбек жолын Қиыр Солтүстік портында жүк тасушы болып бастаған. 1991 ылы Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1992 — 1995 жылдары Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996 — 1998 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1998 — 2005 жылдары «Қазақстан алюминийі» АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті. 2006 жылы Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006 — 2011 жылдары «Атамекен» ҚҰЭП басқармасының төрағасы. 2011 жылғы шілдеден — «Ақ жол» ҚДП төрағасы. 2012 жылғы қаңтардан — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2008 ж.) марапатталған, «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 жылы).

54 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Кеңесұлы ДИЯРОВдүниеге келді.

Алматы қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.

1993-1994 жылдары «АРУС» Кәсіби футбол клубының аудармашысы, 1994-1995 жылдары «Стройимпорт» компаниясының менеджері. 1995-1997 жылдары «ВИА» ЖШС директоры. 1997-1998 жылдары «Рахат-Металз» ЖШС құнды қағаздар департаментінің директоры, «Центраз Файнанс Секьюритиз ЛТД» директордың қаржы жөніндегі орынбасары. 1998-2000 жылдары «Веста» ЖШС директордың қаржы жөніндегі орынбасары. 2000-2002 жылдары «Д.Д.Д.» ЖШС директоры. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ-ның экономика және даму жөніндегі вице-президенті. 2007-2013 жылдары «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰҚ» АҚ президенті, бас директоры қызметтерін атқарған. 2014-2016 жылдары «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры, бас директордың бірінші орынбасары.

49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дмитрий Владимирович КОЛОДАдүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецкое ауылында туған. Солтүстік Қазақстан университетін, Қорған мемлекеттік университетін тәмамдады. Заңгер.

1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Сергиев ауданы прокурорының аға көмекшісі, 1997-2000 жылдары Қорған мемлекеттік университетінде оқыған. 1999-2000 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы жанындағы ҚСжАО қылмыс туралы статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры. 2000-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы прокурорының көмекшісі, 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі, 2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әділет бөлімінің бастығы, 2005-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әділет басқармасының бастығы, 2007-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары «Бірлік» заң қызметтері орталығы «ЖШС директоры.

2021 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Қазіргі қызметінде 2023 жылғы наурыздан бері.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016).

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *