УАҚЫТ НЕГЕ ЖЫЛДАМ ӨТІП ЖАТҚАНДАЙ?

0
160

Көп адам 2000 жылдан кейін уақыт өзгергендей, ал 2020 жылдан бері тіпті зулап бара жатқандай сезінеді. Бірақ шын мәнінде өзгерген — уақыт емес, біздің миымыз.

Уақытты біз сағатпен емес, естеліктермен өлшейміз. Жаңа әсер, тірі қарым-қатынас, эмоция көп болса -күндер ұзақ, өмір мазмұнды сезіледі.

Ал бірсарынды күндер, экранға телмірген өмір, шексіз ақпарат ағыны — күндерді бір-бірінен ажыратпай, жылдарды көзді ашып-жұмғанша өткізіп жібереді.

2020 жылдан кейінгі стресс, карантин, ішкі шаршау мен эмоциялық мүжілу жадыны әлсіретіп, уақытты «жоғалып кеткендей» сезіндіреді.

Демек, уақыт өзгерген жоқ.  Өзгерген — оны сезіну қабілетіміз.

Уақытты қайта «ұзартқың» келсе:
— жаңа тәжірибе жина
— тірі қарым-қатынас құр
— зейініңді осы сәтке шоғырландыр
— дәл қазір өмір сүр

Өмір автомат режимде емес, саналы түрде өткенде ғана мәнді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь