ЕКІ. ҚАЗАҚТЫҒЫМЫЗҒА 6,0 МЫҢ ЖЫЛ ТОЛДЫ!

1
524

— Үзбен Құрманбайұлы, Сіз, қазақтығымызға, қазақ деген атауға  бестен алты мың жыл  болды деп айтып, жазып жүрсіз. Қазақ үшін бұда тың жаңалық, осыған жету барлығымыздың арманымыз екені де рас. Бес, алты мың жылды қойып, кешегі кеңестер заманына дейн қырғыз атанып келдік қой, енді бүгін ойламаған жерде қазақтығымызға 6000 жыл толды деген сөз құлаққа қандай жағымды. Осы мәселеге қандай дәлеліңіз бар, қысқаша тоқталыңызшы!

— Жарайды, ең алдымен: 

  1. Арабтар қайдан шыққанына тоқталайын. Шежіреге байланысты Әбілқазы, Шәкерім Құдайбергенен артық білетіндер тым  аз. Қ. Шәкәрім Арабтарды Анес сахабаның кезінде 125 таңбалы қазақтың құрамында болған. Сүлеймен пайғамбар Сыр өңірінде (қазіргі Түркістан) ғұмыр кешкен. Сүлейменнің анасы Япа сол өңірдегі Ақмешіт жерасты мешітіне жерленген дейді… Атамыз осы өңірде ғұмыр кешіп, осы өңірден «он сегіз мың ғаламға» әділдікпен билік жүргізген. Сүлейменнің ата жұрты бүгінгі қазақ даласындағы Манқыстау мен Сыр өңірі деген. Арабтар кезінде қазақты өздерінен таратуға тырысқан. Ол жайлы Шәкәрім атамыз: 

«Арабсың» деген сөздің түбі шірік. 

«Пәленше сахабаның затысың» деп, 

Алдаған дін жамылған өңкей жүлік.

 Адамның тұқымынан — Нұқ пайғамбар,

 Үш ұлы — Хам, Сам, Яфас, міне, осылар.

 Яфастың бір баласы Түрік деген, 

Өрбіген сонан өсіп талай жандар. 

Болады араб жұрты — Самның ұлы, 

Біледі шежіренің бәрі мұны» (Ш.Құдайбердіұлы «Қазақ қайдан шықты»). Қазақ халқы, сонымен қатар әлем халықтарының көпшілігі көшпелі Арабтарды Ағарлар (Агарияне) деп атайды. Ағардың сөз түбірі Аға ғой. Демек, Арабтар да жоғары да көрсеткенімдей Қарақалпақ, Өзбек сияқты Қазақтан енші алып бөлек шыққан көп баласының бірі. Осылайша, әлем елдерінің барлығы да қарашаңырақта отырған қазақтар үшін «аға» болып табылады-дейді ғұлама шежіреші Шәкәрім. Баба түкті Шашты Әзиз (8-9 гасырлар) Әбу Бәкірдің ұрпағы болып табылады. Сонда Қазақтың тарихы қанша мың жылды құрайтынын әркім өз бетімен түсіне жатар. Тек қане осы дерекке сүйене отырып, қазақтығымызға кемінде 6000 жыл толғанынын қалай да дәлелдей аламыз.

***

  1. Тарихи деректерге жүгінсек:Қазақ ежелгі халық, бағзы заманнан бар халық.
  1. Ғылымға сүйенсек:Түркі халқының алғашқа жаратылысы Алтай тауыннан басталатынын әлем тарихшылары мойындайды. Түріктер бүгін Қазақтарды өздерінің Бабасы санайды. Олар бүгінгі Алтай бетінде және Қазғұрт өңірінде жаратылып, Анодолға барғанын жақсы біледі. Сондықтан ата қоныстағы біздерді Баба санайды. Өйтсе бүгінге дейін осы мекенде отырған қазақтар біз Сақтар мен Ғұндардың тікелей ұрпағымыз деп батыл айта аламыз. 
  1. Діни ұғым және  шежіре бойынша: Әлмисаққа, Адам ата, Хауа анаға жүгінсек, Нұқ-Пайғампар ұрпағынан тараймыз. Қазақ болып дүниеге келгенбіз, сол қалпымызды сақтағанбыз.

***

  1. 5. Мағжан жырлаған Тұран мемлекетін құрған ұлыстар қатарындамыз.

***

  1. Сол Тұран мемлекетін қазіргі  Түркстан даласында, бүгінгі қазақтың төрінде сіз, біздер Өзіміз құрғанбыз .

***

  1. Орта Азиядан Алянск арқылы 10 мың жылдың алдында Америка құрлығына өткен Америкалық үндістердің тегі, тіл төркіні 99 пайызы бүгінгі қазақтардың қанына ұқсас, сәйкес  болғанын ғалымдар анықтаған. Адамзат баласы алғаш рет түрік тілінде сөйлегенін Академик тарихшы Қойшықара Салғарин айқындап берді.

***

  1. Жылқыны қолға үйреткен қазақтар екенін әлемдік ғылым мойындады. Ботай мәдениеті қалыптасқан литос-тас дәуірі мыс, тас ғасырлар (энео-мыс, литос-тас) б.з.б 4-3 мың жылдық шамасы. Өйтсе,Ботай жазығын мекен етіп, алғаш рет жылқыны қолға үйреткен, алғаш рет қымыз ішкен халықпыз.

***

  1. 5 мың жылдың алдында кигіз үй тігіп, кигіз туырдықтыларға жол ашқан да біздер екенімізді Анахарс жазып кетті. Сол кигіз үй қазірге дейін жалғасты, қазақтың кигіз үйіндей үй өзге ұлттарда болған емес. Бертінде Шыңғысқанның өзі қазақтың үйін тігіп, қазақтың арбасымен көшіп қонған.

***

  1. Тұранды парсылардан қорғаған Афрасиаб  туралы «Алып Ер Тоңға» жыры бұдан кемінде 4500 жыл бұрын Иран-Тұран соғысы заманында дүниеге келген.

***

  1. Арғы тегіміз Сақтар біздің заманымыздан бұрынғы 1-2 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Сақ патшайымы Томирис болды. Ол 3000 мың жылдың алдында Кирді өлтірді. Томирис туралы Қазақстанда кино түсірілді.

***

  1. Үйсіндер (б.з.б. VІІІ ғ-б.з V ғасырда) аса күшті айбынды мемлекет құрды. Сол Үйсіндер біздерміз.

Үйсін-қазақтың этникалық түп негізі әрі ұлт болып қалыптасуының ұйытқысы болған үлкен ұлыс. Шежіре бойынша Үйсіндер-Абақ, Тарақ болып екіге бөлінеді. Абақ үйсіннен-Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Сарыүйсін болып тармақталады. Ал Тарақ үйсіннен Жалайыр тарайды.

***

  1. Мөде қаған (б.з.д. 234 – 174 жж шамасы)  шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Туменді өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін Ғұн елінің дара билеушісімін деп жариялайды. Сол ғұндар біздерміз. 

***

  1. Түркі қағанаты (552-603) жылдары

***

  1. Батыс түрік қағанаты (603-704)

***

  1. Шығыс түрік қағанаты (682-744) 

***

  1. Түрегеш қағанаты (704-756) жылдары

***

  1. Қаргұқ қағанаты (756-904) жылдары

***

  1. Қимақ мемленкті ІХ ғасырдың соңы ХІ ғасырдың басы

***

  1. Оғыз мемлекеті ІХ ғасырдың соңы ХІ ғасырдың басы

***

  1. Қарқан мемлекеті 942-1212 жылдар

***

  1. Найман Мемлекеті тарихта ІХ ғасырдан белгілі, ал найманның  ата–бабасы деп мойындалған Тохси, Басымал, шігілерден құралған Иағма тайпалар одағы найманның арғы тегі екенін Махмұт Қашқари жазып кетті.

***

  1. Керей мемлекеті 1198 –жылдарға дейін жалғасты

***

  1. Қыпшақ хандығы 1206-1291 жылдар

***

  1. Жошы ұлысы, бүгінгі Қазақ мемлекетлігі 1224-жылы құрылды.

***

  1. Алтын Орда мемлекеті 1466 жылға дейін  жалғасты…..

***

  1. Жошының  сегізінш ұрпағы  Керей, Жәнібек хандар негізн салған Қазақ хандығы 1465-1847 жылдарға дейін жалғасты.

***

  1. 1991-жылы Кеңестер Одағы ыдырағанда Тәуелсіздігімізді алып, ұлттық дербес  мемлекет құрдық. 

***

  1. 29. Шыңғысханды өсіріп жеткізген оның өкіл әкесі Тұғырылхан болған. Керей Найман мемлекеттері бүгінгі Қазақстаның шығысы, Алтай тауынан бастап Моңғолияның шығысындағы Хэнтий (Кентау) тауы, Керулен (Хэрлэн) өзені алқабына дейінгі елді мекенге иелік етті. Содан меркіт, керей, жалайыр, қоңыраттардың жартысы Шүйді асып, жетісуға, әрмен қазақтың кең байтақ даласына жетіп, Жошымен бірге қазақ жеріне жайғасты. 

***

  1. Бұлардан бұрын қазақтар болмаған болса  тоғызыншы ғасырдың аяғындағы Махмут Хашқари, онан кейінгі Жүсіп Баласағун, Мұхаммед Хайдар Дулатиларды  қалай жоққа шығарамыз. Тіпті олардың алдындағы Асанқайғыдан бастап, Қазбабойлы Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Нарғаста жыраулары қайдан шығып жүр. 
  2. Жалпы Қазақый атау сонау 8-ғасырда бар болғаны сол кездегі Араб картасында «Әл-Қазақия» деп көрсетілгенін Мұқит-Ардагер Сыдықназаров өз зерттеулеріне сүйене отырып шындықты жазды. 
  3. Сонда арғысына бармай-ақ ежелгі қазақтың тарихы Тұранға дейінгісін алсақта 5-6 мың жылды құрап жатқанына көзімізді жеткізіп, қазақтың мақтанышына айналдыра беру бабалар аманаты, бүгінгі біздерге парыз, келешек ұрпаққа аманат деп түсінуіміз керек. Біз қалай болғанда да қазақтығымызға 6000 жыл толғанына көз жеткіздік, жоғардағы деректер арқылы дәлелдедік. Өзгелер қашан, қалай жаратылды, бізде солай жаратылдық, енді тереземіз тең болды, еңсемізді биік ұстайық! Нақтылап айтар болсақ Мемлекеттігіміздің басталуы Мөде құрған алғашқы мемлекетке тоқталатынымыз сөзсіз. Оған да жетеміз!  Жалпы қазақ тарихы осы шеңберде жинақтала беретін болады.

***

 Ойымызды жинақтар болсақ, қазақтың тарихы кемінде 6 мың жылды құрап отыр. Тарихымызды ары қарай терең зерттеп кеңейте беретін боламыз. Өзіміз өзімізге келіп, тарихымызды орнына қойғанымыз үлкен жетістік, тарихи оқиға деп біліңіз! Қазақтығымызға 6000 жыл толғанын паш етейік, мақтанайық, еңсемізді көтерейік, төбемізді көкке тірейік, даусымыздың жеткен жеріне дейін жеткізейік. Қазақ ұлтының мақтанышының бірегейі осы болсын, Ағайын!

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Қәзіргі кезде мемлекет тарихы тұрғой өзінің жеті атасын білетіндер аз. Осы мақалаңды газет баспаларға жолдау керек.
    Тарих білетіндердің өзі де шыққан тегіміз монғол деп айтуға арланатын сияқты. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі алғаш Жошының басына барып “Рухани Жаңғыруды” жаңа белеске көтерді. Тоқаев қандай әдемі қолдады.
    Монғолияның мемлекет, қоғам қайреткері Лоқуз бір кезде партия саясатына қарсы шыққаны үшін құғын сүргін көріп жүрген. 1995 жылы өзінің берген сұқбатында: Менің арғы тегім найман, моңғол қазақтың арғы тегі бірімен-бірі нығыз байланысты дегені әлі есімде.
    Жошының руы меркіт екенғой. Моңғол қазақтарды бірдей көргендіктен, моңғолдар Жошыға у беріп өлтірді деген аңыз бар.
    Өнерің өрлеп , ел құрметіне бөлене бер! Еңбегіңді тарихшыларда , халықта, елімізде бағалайды деп сенем!
    Сәлеммен қоғам қайраткері, Бүткей Байболат.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь