Астананың «жасыл белдеуіне» 750 қырғауыл жіберілді

Бүгін Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 750 қырғауылды «жасыл белдеуге» шығарды.

«Астананың жасыл белдеуі» фаунасының түрлік құрамын ұлғайту мақсатында 2010-2018 жылдары «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мекемесі «Астана орманы» ЖШС-мен бірлесіп қырғауылдарды өсірумен айналысты. Өткен жылдары (2010 жылдан 2018 жылға дейін) 9 823 қырғауыл шығарылды. Шығарылған құстар елорданың «жасыл белдеуінің» аумағына тарады. Қазіргі уақытта еркін қырғауылдар «жасыл белдеудің» астыңғы қабаттарында немесе жидек тұқымдары бар бұталы жерлерде өмір сүреді. Мысалы, «Талдыкөл жинақтаушысы» учаскесінің №41, 42, 43, 44, 45 орамдарында, «Павлодар трассасы» учаскесінің №9, 11 орамдарында және «Солтүстік жотасы» учаскесінің 19, 21, 22, 24 орамдарында бар», — деді «Астана орманы» ЖШС биолог-орнитологі Ерназар Шахимұрат.

Оның айтуынша, қырғауылдың тіршілік ету ортасы Целиноград ауданы мен Қорғалжын ауданы «Сабынды» кентінің Ақмол, Оразақ, Бозайғыр елді мекендерінің аумағында байқалды. Ал бұл сәтті акклиматизацияның дәлелі болып табылады.

«Қырғауылдарды одан әрі өсіру үшін қала әкімдігінің және «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырмасы бойынша 2019 жылы «Астана орманы» ЖШС қаланың жасыл аймағында Жетісу қырғауылын қолдан өсіру бойынша биологиялық негіздеме әзірледі. 2021 жылдан бастап министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен алдын ала рұқсат алып, жыл сайын Астананың «жасыл белдеуі» аумағына шығарылып отыр.

Қазіргі уақытта қоршауларда қырғауылдардың 2 100-і бар. Осы жылы елорданың «жасыл белдеу» аумағына 1 800 қырғауыл шығару жоспарлануда. Оның ішінде сәуір айында 700 бас көлеміндегі алғашқы тобы шығарылды. Маусым айында 150 және бүгін 750 бас шығарылады. Ал 27 қыркүйекте 200 қырғауылды шығарумен биылғы жоспарды аяқтау жоспарлануда», — деді маман.

Айта кету керек, қырғауыл «ұялшақ құс» көрінеді. Сирек ағаштарға көтеріліп, бұталарда тығылғанды жөн көреді екен. Ал бұл олардың еркін есебін жүргізуді қиындатады.

Еркін қырғауылдар аязға жақсы төзеді, оларға күтім жасау ерекше назар аударуды қажет етпейді. Тек қыста азықтандыру қажет. Табиғаттағы қырғауылдардың қоректенуі, негізінен, өсімдік тағамдарынан тұрады — тұқымдар, жидектер, тамырлар және өсімдіктердің жасыл бөліктері, бірақ мүмкін болса, олар жануарлардың жемімен, жәндіктермен және олардың личинкаларымен, өрмекшілермен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді.

Мамандардың айтуынша, қырғауылдарды өсіру бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі және біздің республикамыздың биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зиянкестермен биологиялық күресу арқылы орман екпелерін сақтауға ықпал етеді. Бұл жанама түрде орман зиянкестеріне қарсы пестицидтерді қолданудың 350 гектарға төмендеуімен расталды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *