Елордада отбасылық ойындар жарысы өтті

Қаламгерлер аллеясында «Ұлттық ойындар — бабадан қалған асыл қазына» іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

Отбасылық ойындар жарысының басты мақсаты — жас ұрпаққа ұлттық ойындарды насихаттау.

«Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында осындай іс-шараны ұйымдастырып отыр. Бұл жарыс сол елімізде болып жатқан ойындардың жалғасы іспетті. Еліміздің абыройын асқақтатқан спорттық додаға қосқан үлесіміз деп білеміз. Мерекеге орай кітап көрмесі де көпшіліктің назарына ұсынылды. Мақсаты — өзіміздің ұлттық ойындарымызды әрі қарай дамыту. Өйткені жасөспірімдер бабадан келе жатқан асыл мұраларымызды ұмытпауы керек деп есептейміз», — деді Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысы Гүлбадам Мәдібаева.

Оның айтуынша, қатысушылар — қала мектептерінің оқушылары, яғни кітапхананың белсенді оқырмандары.

Іс-шараға 40-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

Іс-шараның ашылуында «Елорда ақсақалдары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы, Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Нұрғазин жарысқа қатысушыларға ұлттық ойындардың түрлерін айтып, маңызын түсіндірді. Сондай-ақ жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Үш топқа бөлінген жарыс қатысушылары тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту және сұрақ-жауап ойындарында өзара бақ сынады.

Отбасылық ойындар жарысының қорытындысында үздік шыққан қатысушылар марапатталды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *