Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Астана қаласында 6-13 қазан аралығында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді. Спорттық шараны елордамыз алғаш рет қабылдайды.

Оған Азияның үздік барлық ойыншысы қатысады деп жоспарланып отыр. Құрлықтық додада 26 елден 210 спортшы сайысқа түседі. Олардың қатарында елімізден басқа Үндістан, Иордания, Иран, Катар, Қытай, Қытайдың Тайбэйі, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдердің теннисшілері бар.

Құрлықтық додаға Олимпиада және әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған қытайлық Ван Чуцинь, Сунь Инша, жапониялық Мива Харимото және Миу Хирано, Мима Ито, Томоказу Харимото қатысады.

Еліміздің атынан Олимпиада ойындарына қатысқан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Кұрманғалиев, халықаралық турнирлерде жүлде алған Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева сынға түседі.

Мамандардың айтуынша, Азия құрлығында үстел теннисінен алдыңғы қатарда келеді. Слндықтан аталған жарыс маңызды турнирдің біріне айналып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде топ жарды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *