Астанада бүгін мәслихаттардың 30 жылдығына арналған «Senat Open» шахмат турнирінің гранд-финалы басталды.
Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Парламенті Сенаты ұйымдастырған жарыстардың ақтық кезеңіне жартылай финалдан өткен 130 үздік ойыншы қатысуда.
Жарысқа барлық сайланымдағы мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысуда. Жартылай финал қорытындысы бойынша 11 елордалық шахматшы астананың намысын қорғайтын болады, — деп жазды Е.Каналимов.