Астаналық биші әжелер тобы Қырғызстанда топ жарды

Астананың Нұра ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі Қырғызстанда өткен халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды.

Ыстықкөлде өткен «Таланты SUMMER FEST KYRGYZSTAN» атты байқауда биші әжелеріміз халық биі мен классикалық билеу өнерінен сынға түсті.

40-тан астам би ұжымдары қатысқан өнер додасында астаналық биші әжелер топ жарды. Әр номинация бойынша жеңімпаз атанып, бас жүлде мен І орынды еншіледі. Ыстықкөлде ансамбль ұжымы «Әсемдік», «Биле-биле» және «Экспрессия» билерін қырғызстандық көрерменнің назарына ұсынды.

«Қыздар-ай» ансамблі 62-76 жас аралығындағы биші әжелерден құралған. Оған білікті маман Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.

«Нұра ауданында «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблінің құрылғанына екі жылдай уақыт болды. Ұжымға зейнет жасындағы 20-дан астам әуесқой биші әжелер аптасына 3 рет жиналып, дайындық жұмыстарын өткізеді. Өнер ұжымының жетекшісі – хореография саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар маман Ирина Смағұлова.

Репертуарлары әралуан, халық биі, эстрадалық, классикалық және басқа да билерді билейді. Қырғызстанға 11 биші әже барды. Олар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіспен оралды. Зейнеткерлеріміз өнерлерімен қуанта берсін!», — деді орталықтың жетекші маманы Ақсұлу Нұрланова.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *