Депутаттар әр саланың өкілдері екенін білеміз. Мысалы, біздің елордалық мәслихаттың депутаттары 18 түрлі саланың мамандарынан жиналған. Әрқайсысы өзіне жақын саланың мәселесін көтереді. Бізде сайлауалды бағдарламалардың орындалуы бойынша жол картасы бар, соның әр тармағына әр депутат бекітілген. Әрқайсысы сол тармақтардың орындалуын бақылайды. Мәслихатта ең әуелі баспана мәселелеріне көбірек көңіл бөлінеді. Одан кейін әлеуметтік нысандарға назар аударылады. 2000 жылдары қаламызға 16 ауыл-аймақ қосылған болатын, үшінші кезекте сол тұрғын алаптарды дамыту мәселесі біздің жіті бақылауымызда. Өйткені елорда халқының бестен бірі шеткі аймақтарда тұрады, – деді Е. Каналимов.