Астаналық оқушылар «Ақберен» өнер байқауында топ жарды

Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Астанада «Ақберен» өнер байқауы өтті.

Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде өткен өнер байқауында еліміздің әрбір өңірінен 120 оқушы алты номинация бойынша қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары 1 алтын, 2 күміс медальға ие болды.

«Ақындар айтысы» номинациясында №76 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Абылай Қайратұлы І орын, «Көркемсөз оқу» номинациясында №87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Саяжан Азаматқызы және «Эссе жазу» номинациясында №84 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мұрат Ажар II орын иеленді.

Айта кетейік, «Үздік команда» номинациясында Астана қаласы ІІ орынға ие болды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *