Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті – Тимур Сүлейменов

2024 жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Айтуынша, былтыр ел экономикасы 5,1 пайызға өсіп, рекордттық көрсеткішке жеткен.

«Биыл Қазақстан экономикасы төрт пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар инфляция төмендегенін көріп отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға төмен. Десекте, біз таргеттен 70 пайыз алыспыз. Сондықтан монетарлық саясат қатаң талапты қажет етеді», — деді ол.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендегенін атап өтті.

«Елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Яғни, 4,6 пайыз. Жалақы да өсіп жатыр. Орташа еңбекақы 11,3 пайызға көтерілді», — деді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі гибридті форматта офлайн және онлайн өтіп жатыр.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *