Италиялық «Pensiero» басылымы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италиялық «Pensiero» басылымы Димаш туралы «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» атты мақала жариялады.

Димаштың Астанадағы жеке концертін тамашалаған мақала авторы қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы жазған. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншіні түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін, барша адамзатты өнерімен баураған, оларды бір арнаған тоғыстырған дәнекер деп баға береді.

«Бізді әлемнің 80 елінен келген 40 мың адамды Димаштың өнері біріктірді. Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік», — деп жазды автор.

 

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *