ҚАНДАЙ САЯСАТ ҰСТАНАМЫЗ, ҚАНДАЙ ЗАҢДЫЛЫҚҚА БАҒЫНАМЫЗ

Біздің мақсат:Қоғамдық құрылымды түгелдей өзгертпейміз, қоғамдағы саясатты ғана өзгертеміз. Қысқасы, адамдар бірін-бірі жақсы көру саясатын ұстанамыз, Мейірімділік заңдылығына бағынамыз. Мемлекетіміз мейірімдік заңдылығы жолын ұстанады. Сонда қоғамда адамдар арасында мейірімділік қатынас пайда болады, бізге керегі де осы.

    Ал Қоғамды тығырықтан шығаратын, халықты тыныштандыратын, мемлекетпен халықты бірге ететін, халықты байлықпен бақытқа жеткізетін «Ізгіліктің» нақты жолын біздің ата-бабаларымыз айқындап, оны баршамызға «аманат» етіп кеткен. Сол аманатты бүгін «Аманат» Партиясы арқалады деп ойлаймын. Енді біз қазақ деген атымызға затымыз сай, сабырлы, салиқалы, ақылды болуымыз керек. Біз қоғамды оңаймыз деп үлкен қателік жасауға әсте болмайды, қысқасы, кадрлардың бәрін өзгертеміз, мемлекетке қарсы шерулер өткіземіз, әділдік үшін күресеміз, айқай-шу көтереміз, қаңтар оқиғасын қайталаймыз, қажет болса төңкеріс жасаймыз деуге ешкімнің аузы бармасын дегенді тура айту дұрыс. Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінің азаматары мұндай қадамға бармайды. Егер ішімізде мемлекетімізге қарсы шығып, қақтығыстар пайда болса, сол сәтте тәуелсіздігімізден айырылуымыз әбден мүмкін. Өйткені бізден осы жағдайды асыға күткендер жоқ емес. Сондықтан біз жасампаз халық екеніміз рас болса, көре-көре көсем болғанымыз шын болса, Халқымен Мемлекеті бірге болған елдің үлгісін жасауымыз керек. Мұны Президент, Үкімет, қарапайым халық бір адамдай бірігіп отырып, «майдан қылшық суырғандай» етіп жасайды. Бұған қыруар қаржының да қажеті жоқ. Әрі ешбір қиындықсыз шешіледі.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *