Ерекше құбылыс: Алматы үстінен осы жылдың ең жарық кометасы ұшып өтті

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Алматы аспанында ұшып бара жатқан құйрықты жұлдызды түсіріп алды.

Ол видеоны Instagram парақшасында жариялады.

Фотограф Дмитрий Доценконың айтуынша, 13 қазанның кешінде ауа райы қолайлы болып, кометаны түсіріп алуға мүмкіндік туған.

«Бұл комета 2023 жылдың қаңтар айында Қытайдың Цзыцзиньшань обсерваториясында ашылған еді. Бір жарым жылдан кейін ол Жерге жақындап, түнгі аспанда көрінді.Кометаларды көру өте қызықты – елестетіп көріңізші, үлкен мұз блогы ғарышта секундына 80 км жылдамдықпен жүреді», – деп жазды фотограф.

Осыған дейін Цзицзиньшань-АTLAS кометасы Жерге жақындап қалғаны туралы жазған едік.

Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметінің мәліметінше, солтүстік жарты шарда кометаны көру үшін ең жақсы жағдай кезеңі 12 қазанда басталды. Бұл кезең екі-үш аптаға созылады.

Солтүстік жарты шар елдерінде құйрықты жұлдыз күн батқаннан кейін шамамен бір сағат (жергілікті уақыт бойынша 18:30-дан бастап) көкжиектің батысында кешкі аспаннан көрінеді.

Қазір астрономдар оның жарықтығын шамамен -2 балл деңгейінде болжап отыр, сондықтан аспан қонағын навигациялық ымырттың жарқыраған жарығында да көруге болады.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *