Мейірімді қоғам

Астанада автокөлікті өлшеудің автоматтандырылған жүйесі ресми түрде іске қосылды

Астанада жолдардың бұзылуын болдырмауға арналған автокөлікті өлшеудің автоматтандырылған жүйесі ресми түрде іске қосылды.

 

Бұл жүйе жүк көліктерінің салмағын бақылауға, өзге де көліктердің кедергісіз жүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

«Автоматтандырылған жүйе биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылды. Автокөліктің шамадан тыс салмағы анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне беріледі», — деп көрсетті Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Автоматтандырылған өлшеу жүйесі Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка кенттеріне кіреберістерге орнатылған.

Айыппұлдардың мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне байланысты және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі – 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін.

Осылайша, көлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

-үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;

— төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;

— бес осьті – 38 тонна

— алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

«Сараптамаға сәйкес ауыр жүк көліктері тасымалдау барысында қолданыстағы нормадан 1,5-2 есе артық жүк тасымалдайды. Демек, нормаға сәйкес 25 тонна жүк тасымалдауға рұқсат болса, 35-40 тонна жүк тиілген фактілер тіркеліп отыр. 2023 жылдын басынан Көлік Министрлігі Астана әкімшілігімен бірлесе арнайы автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату бойынша жұмыс бастап кетті. Олар қалаға кіреберіс жолдарда 7 жерден орнатылған. Елорда маңындағы 29 карьерден жүк тасымалдайтын 6300 ауыр жүк самосвал көлігі тіркеліп отыр. Бұл реттегі біздің басты мақсатымыз — бар жолдарды мезгілсіз бұзылуына жол бермеу»,- деп айтты Көлік министрлігі автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі.

Exit mobile version