Мейірімді қоғам

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Елордада төрт этноауыл ашылады

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді.

 

«7 қыркүйек күні сағат 11.00-ден бастап V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу аясында «Қазанат» ипподромының аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылының қақпасы ашылады. Мұнда 200-ден астам қолөнершілердің өнімдері бар Шығыс базары ұйымдастырылады. Күн сайын этноауылда «Шаттық керуені» атты үлкен шеруден басталатын болады. «Өнер ордасы» басты сахнасында күн сайын сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен үздік өңірлік ұжымдарды таныстыратын «Думанды дала» концерттері өтеді», — деп жазды Е.Каналимов.

Көшпенділер ойындары аясында аудандар бойынша 4 этноауыл құрылатын болады.

Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында орналасады, Алматы ауданында «Қазақ елі» монументінің жанында, Байқоңыр ауданында «Ататүрік» саябағында, Нұра ауданында Орталық саябақта ашылады.

Айта кетейік, концерттік бағдарлама 8 қыркүйек пен 13 қыркүйек аралығында сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Exit mobile version