Мейірімді қоғам

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды

Түркі әлемі үшін Олимпиадаға пара-пар жарысқа 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады.

 

Олар спорттың асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, мас-рестлинг, қазақ күресі, арқан тартыс, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, көк бөрі, жамбы ату және овари сынды 21 түрінен мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, дүбірлі дода 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деген жоспар бар.

Exit mobile version