Мейірімді қоғам

Астанада спорттық марафон өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады

31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады.

 

Сонымен, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:

— Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

— Ә.Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;

— Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін;

— С.Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен К.Күмісбеков көшесіне дейін;

— К.Күмісбеков көшесі Ә.Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;

— Кенесары көшесі К.Күмісбеков көшесінен М.Әуезов көшесіне дейін.

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т.Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылады.

Exit mobile version