Мейірімді қоғам

Елімізде тұмауға қарсы қанша вакцина бар

Қазақстанда тұмауға қарсы «ГРИППОЛ+» екпесі сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті.

«2024 жылғы 16 тамыздағы №7 қаулыға сәйкес, елімізде тұмауға қарсы вакцина егу биылғы 15 қыркүйектен басталады. Вакцинациялау үшін «ГРИППОЛ+» екпесі қолданылады, өндіруші — Ресей Федерациясы», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

«СҚ-Фармация» ЖШС мәліметіне қарағанда, 2024 жылға 2 025 752 тұмауға қарсы вакцинаның көлемі сатып алынды, сондай-ақ 182 000 доза көлемінде қосымша тапсырыс берілді.

Айта кетейік, күз – иммунитеттің әлсіреп, жұқпалы инфекциялардың өршитін мезгілі. Сондықтан, дәрігерлер бұл маусымда ағзаға ерекше күтім қажет екенін үнемі айтып жүреді. 

Exit mobile version