Мейірімді қоғам

Қазақстан ИКАО-да тұрақты өкілдігін ашты

Канаданың Монреаль қаласында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың, ИКАО Кеңесінің Президенті, ИКАО Бас хатшысы және ИКАО-ға мүше елдердің авиациялық билік басшыларының қатысуымен ИКАО-да Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды. Қазақстан ИКАО-да Тұрақты өкілдігі бар Орталық Азиядағы алғашқы ел.

 

ИКАО (Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы) – Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Оның құрамына 193 ел кіреді. Ұйым Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын айқындайды және ұшу қауіпсіздігін арттыру аясында жұмыс атқарады.

Қазақстанның ИКАО-да Тұрақты өкілдігінің болуы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту және ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйыммен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Көлік министрі Марат Қарабаев Монреаль қаласында ИКАО-ның 14-ші аэронавигациялық конференциясына (AN-Conf/14) қатысып жатыр.

Конференция ИКАО-ға мүше барлық 193 ел үшін аэронавигация және ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоғары деңгейдегі ұсынымдар кешенін келісуге әкелетін егжей-тегжейлі техникалық талқылауларға мүмкіндік берді.

Exit mobile version