Мейірімді қоғам

Алматыда сауда орталығында болған ұрып-соғу фактісіне қатысты тергеу басталды

Алматы полициясы әлеуметтік желіде «Адем» сауда үйінің әкімшілігі тарапынан сатушыларға «қысым» көрсетіліп жатыр деген видеоға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде «Адем» сауда орталығының иесі адамдарды ұрып–соғып жатыр деп айыптаған видео пайда болды.

«Олар салықтан жалтарып, кірістерін жасырады. Жалға алушылардан электр энергиясына әр шаршы метр үшін ақы алады. Жұмысшыларды Еңбек кодексіне сәйкес тіркемейді. Барлық құзырлы органдардан тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Алматы қалалық Полиция департаменті қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы жалға алушылардың бірінің арызы бойынша сауда үйінің күзетшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Ол ұсталды және тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қақтығыстың мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Қазір Полиция департаментінің жедел бөлімшелері өткен жазда орын алған қару қолдану эпизодын тексеріп жатыр.

«Айта кетейік, бұған дейін бұл дерек бойынша полицияға ешқандай арыз немесе өтініш келіп түскен жоқ», — деп нақтылады полициядан.

Exit mobile version