Мейірімді қоғам

Өзбекстанда 9 тілде ақпарат тарататын робот-журналист пайда болды

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінде жасанды интеллект негізінде құрылған робот-журналист жұмыс істей бастады.

 

Агенттік мәліметінше, оған Собир Холдаров есімі берілген.

Робот-журналист өзбек жаңалықтарын тоғыз тілде , яғни өзбек, ағылшын, орыс, француз, араб, қытай, неміс, испан және қазақ тілдерінде жеткізеді. Әрбір бейнеде жалған бейнелерден қорғау үшін арнайы QR коды бар. Оның сілтемесі арқылы өтіп бейненің мәтінін ӨзА-ның ресми сайтынан оқуға болады. Оның есімі Орталық Азия мен Өзбекстандағы алғашқы кәсіби журналист Собира Холдарованың құрметіне қойылған, — деп жазылған хабарламада.

Exit mobile version