Мейірімді қоғам

Блинов кубогы: «Барыс» командасы «Сибирьмен» кездеседі

Бүгін елордалық «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов кубогында екінші ойынын «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысады.

Аталған турнирде «Барыс» бұдан кейін 24 тамызда 14:00-де «Трактор» (Челябі), 25 тамызда 11:00-де «Локомотив» (Ярославль) клубтарымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, елордалық клуб алғашқы ойынында Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына овертаймда 3:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, былтыр «Барыс» шайбалы хоккейден Блинов турнирінде жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ биыл Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Exit mobile version