Мейірімді қоғам

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475- 479 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 475, 70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге. Еуро – 529,12

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479, 7 теңге. Еуро 529,5 – 533 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны – 479 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 – 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 476, 60 теңге болған.

Exit mobile version