Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада тұрғындарға жоқ пәтерді жалға берген күдікті ұсталды

Астанада тұрғындарға жоқ пәтерді жалға берген күдікті ұсталды

0

«Anti-Fraud» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Алматы ауданы полиция басқармасы қызметкерлері пәтерлерді жалға беремін деген сылтаумен азаматтарды алдап, ақша тауып жүрген 21 жастағы интернет-алаяқты анықтады.

Polisia.kz сайты таратқан мәліметке сүйенсек, алаяқ пәтерлерді қолжетімді бағада жалға беру туралы хабарландырулар орналастырған. Оған қоса, ол хабарласушыларды тұрғын үйге деген сұраныс жоғары, жалға алғысы келетіндер көп деп сендірген. Яғни күдікті пәтерді жақын арада басқалар жалға алуы мүмкін екенін айтып, алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін қаскүнем байланысқа шықпай қойған.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды ескертеді», — деп жазылған хабарламада.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version