Мейірімді қоғам

Нұрбек Оралбайдың анасы қалай үшінші «бапкерге» айналды

Сәлден кейін отандасымыз Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының алтынына таласады.

Нұрбек Оралбайдың анасы Гүлнар Шағатайқызы әр жекпе-жекке дейін Нұрбекке қарсыласының осал тұсын айтып, кеңес беретінін айтты.

«Нұрбек маған «үшінші бапкерім болдыңыз ғой» деп әзілдеп жатады. Қарсыластарының жекпе-жегін көріп, Нұрбекке қандай тактика қолдану керек екенін айтып отырамын. Финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық боксшы болғандықтан жауапкершілік мол екені анық. Балама сәттілік серік болсын!» — дейді Нұрбектің анасы.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.

Санаулы сәттерден кейін бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады.

Ол украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласады.

Exit mobile version