Home ЖАҢАЛЫҚТАР ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРҒАНДАРҒА ҚАНДАЙ ЖАЗА БАР?

ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ЖАЛТАРҒАНДАРҒА ҚАНДАЙ ЖАЗА БАР?

0

Қазақстанда 21 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.

Биыл көктемгі әскерге шақыру кезінде Қазақстаннан 21 мыңнан астам азамат әскер қатарына алынады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы 21 мың шақырылушының 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарына жіберіледі, ал қалғандары өзге әскерлер мен әскери құрылымдарға бөлінеді.

Сондай-ақ вице-министр енді әскерге шақыру қағаздары азаматтарға SMS арқылы немесе eGov порталы арқылы жолданатынын еске салды.

Журналистер мұндай шақыртуды елемеген жағдайда қандай жаза қарастырылатынын сұрады.

Әкімшілік жауапкершілік те бар, қылмыстық жауапкершілік те бар. Қазір ондай жағдайлар кездеседі. Нақты қанша екенін айта алмаймын, өйткені статистика күн сайын өзгеріп отырады, – деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары Сенатта өткен брифингте.

БАҚ.КЗ

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version