Отыз жылдан астам армияда үлкен лауазымда болған офицер зейнетке шығып, қаланың қарттар тұратын ауданына ауысып көшіп келіпті…
Ол көп уақыт бойы өзін бәрінен жоғары деп санап, ешкіммен де ештеңе туралы сөйлеспей жалғыз өзі жүретін…
Әр кеш сайын бақшаны аралап серуендеп жүрген кезінде де, ол көршілерін менсінбей жоғарыдан тәкаппарлықпен қарайтын…
Бір күні бір қарт оның жанына отырып, әңгіме бастапты…
Екеуі бірнеше күн бірге отырып әңгімелескенімен генерал мырза көбінесе өзін зейнетке шыққанға дейін қаншалықты жоғары мансаптарда болғанын, әлдебір жоспарланбаған жағдайларға байланысты осы ауданға ойда-жоқта келіп қалғаны туралы ғана айта беріпті…
Бірнеше кеш бойы оны тыныш отырып тыңдаған қарт бір күні тілге келіп:
«Достым, зейнетке шыққаннан кейін біз бәріміз де ескі лампа секілді болып, ақыр соңында еріп таусыламыз…
Кезінде қаншалықты жақсы жарқырағаның маңызды емес…
Мен осы ауданда соңғы 5 жылдан бері тұрып келемін…
Ешкімге де өзімнің Президенттің жеке хатшысы болғанымды айтқан емеспін…
Сіздің ар жағыңызда отырған анабір кісі кезінде ірі компаниялар тобының бұрынғы Бас директоры болған адам…
Ал оның жанындағы адам сіз секілді генерал болған екен, сізден айырмашылығы, ол ешқашан басқаларға жоғары лауазымды қызметте болғанын айтып мақтанған емес…
Әнеубір әдемі ақ көйлек киген әйел — үлкен университеттің бұрынғы профессоры…
Онысын ешкімге айтпаса да мен білемін…
Барлық ескірген шамдар қазір бірдей..
Лампа 10, 40, 60 немесе 100 ватт болды ма, енді маңызды емес…
Ол түгілі күндізгі жарық болды ма, немесе LED, мүмкін қыздыратын лампа болған-болмағаны еш маңызды емес…
Мұны түсінген күні сіз тыныштық табасыз…
Шығатын күн мен бататын күн екеуі де әдемі, бірақ есіңізде болсын, адамдар екеуінің қай біріне ерекше мән бермейтінін ойла, досым» — депті баяу ғана…
Ия, сенің қазіргі лауазымың мен өкілеттігің уақытша ғана…
Егер оған тым масаттанатын болсаң, оларды жоғалтқан кезде өмірің өте ыңғайсыз болады…
Сондықтан, жетістіктеріңмен бүгін мақтанып, қалған өміріңнің бөлігінен ләззат алып өткіз…
Ақыр соңында, лауазымдардың барлығы, алғыс хаттар, марапат қағаздар, сертификаттар – бәрі де жай бір қағазға айналады да барлығының орнына «ӨЛІМ ТУРАЛЫ КУӘЛІК»-деп аталатын бір ғана куәлік беріледі…
Өмірімізді өмір сүріп өткізейік…
Барымызға риза болып өмір сүрейік…
Белсенді өмір сүрейік…Айналамыздағы адамдарға мейірімді болып, күлкі сыйлап аяқтайық…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
