Бір адам дүкен ашып, маңдайшасына: «Мұнда жаңа балық сатылып жатыр» деген үлкен тақта орнатыпты.
Оны көрген досы:
«Мұнда» деген сөз артық емес пе? Ол басқа жерде сатылып жатқан жоқ қой деген соң ол «Мұнда» деген сөзді өшіріп тастады.
Тағы бір танысы келіп:
-«Сатылып жатыр» деп айтудың не қажеті бар? Текке бермейтінің түсінікті емес пе деген соң ол сөзді де өшіріпті.
Үшінші досы келіп:
— «Жаңа балық» дейсің бе? Ол онсыз да жаңа болуы керек ғой. Ескірген балықты кім іздейді?,-деген соң Сатушы бұл кеңесті де орындапты.
Тақтада тек «балық» сөзі қалған кезде төртінші адам келді:
— Тіпті сонау алыстан иісі бұрқырап сезіліп тұрғанда, «Балық»,-деп жазудың қажеті не?,-деген соң қалған жалғыз сөзді де өшіріпті. Содан кейін бесінші адам келіп:
— Дүкеннің маңдайшасына жазуы жоқ бос тақтаны іліп қоюдың керегі не?,-деген соң Сатушы оны да алып тастапты.
Көп ұзамай тағы бір адам келіп:
— Осындай үлкен дүкен ашқан соң «Мұнда жаңа балық сатылады» деп жазып іліп қоюға ақылың жетпеді ме?,-деп сөгіпті.
Басқалардың аузына қарай берсең сен одан сайын сасқалақтап қателесесің. Әркім қамшысын әртарапқа сермеп, әр түрлі ақыл айта береді. Әлбетте, олар сен туралы жаман ой ойламаған да болар. Олар жақсылық ойласа да өздерінің өресінің деңгейінде ғана басқаларға ақыл үйретеді.
Саналы адам сенің әрекеттеріңді басқаруға талпынбайды, тек ішкі көзқарасыңызды ашуға көмектеседі. Не істеу, не істемеу керектігін өзің білуге тиіссің.
Аударған: Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
