Home САЯСАТ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ТАМЫЗДА ӨТЕДІ: ТОҚАЕВ МЕРЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ТАМЫЗДА ӨТЕДІ: ТОҚАЕВ МЕРЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

0

Президент Құрылтай сайлауының мерзімін айтты.

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты.

«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі, — деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашатынын атап өтті.

Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым, — деді ол.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version