Home ТАРИХ ШЕКСІЗ БИЛІКТЕН КӨШЕ СЫПЫРУШЫҒА ДЕЙІН…

ШЕКСІЗ БИЛІКТЕН КӨШЕ СЫПЫРУШЫҒА ДЕЙІН…

0

400 миллион адамға билік жүргізіп, тыйым салынған қалада мыңдаған қызметшінің ортасында өмір сүрген адамның ондаған жылдан кейін көше тазалаушы болып, алғашқы жұмыс күнінде адасып, не істерін білмей тұрғанын елестетіп көріңіз…

Бұл, Қытайдың соңғы императоры Пу Идің таңғаларлық шынайы тағдыры…

Оның құлдырауы соншалықты терең болды, бірде үйін таба алмай адасқанда, бейтаныс адамдарға:
«Мен Цин әулетінің соңғы императорымын» деп айтуға мәжбүр болған екен…

Тақтан түскеннен кейінгі өмір жолы адам сенгісіз драмалық сипатқа толы болды…

Пу Идің Айдаһар тағыннан Бейжің көшелеріне дейінгі жолы тарихтағы ең күрт тағдырлық өзгерістердің бірі.

Ол 1908 жылы небәрі екі жасында таққа отырып, Қытайды шамамен 300 жыл билеген Цин әулетінің соңғы императоры атанды.

Алайда 1912 жылы Қытай революциясы кезінде алты жасында күшпен тақтан тайдырылып, билігі кенет тоқтады. Дегенмен 1917 жылы 12 күнге ғана қысқа мерзімге қайтадан таққа отырған.

Тыйым салынған қалада ұзақ жылдар үйқамақта өмір сүріп, кейін Жапонияның бақылауындағы Маньчжоу-го мемлекетінің «қуыршақ» императоры болды. Ақырында соғыс қылмыскері ретінде тұтқындалып, коммунистік үкімет тарапынан «қайта тәрбиелеу» бағдарламасына жіберілді.

1959 жылы оған кешірім жасалып, Қытай Халық Республикасының жаңа азаматы ретінде бостандыққа шықты.

Бұрын «Аспанның ұлы» деп дәріптелген ол өмірінің соңғы жылдарын Бейжіңде көше сыпырушы, бағбан секілді қарапайым жұмыстар атқарып өткізді.

Бір кездері барлық қажеттілігін қызметшілері өтейтін адам енді қала көшелерін жаяу аралап, ауыр еңбек етуге мәжбүр болды.

Өзінің адасып, бейтаныстарға император екенін айтуы, оның өмірі қаншалықты түбегейлі өзгергенін көрсетеді.

Бір кездері тірі құдайдай табынған адам халық арасындағы қарапайым жанға айналды.

Пу И 1967 жылы 61 жасында дүниеден өтті. Ол Қытай тарихындағы ең аласапыран кезеңдерді бастан кешірді.

Оның «Императордан азаматқа дейін» атты өмірбаяндық кітабы мен «Соңғы император» (1987) фильмі осы ерекше тағдырды мәңгілікке хаттап қалдырды.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version