Home Без рубрики СУ ФИЛОСОФИЯСЫ…

СУ ФИЛОСОФИЯСЫ…

0

Су философиясынан алатын 3 ғибрат бар.

Ғибраттар біздің барлық істерімізге пайдасын тигізе алатын секілді.

1-ғибрат. Қарапайымдылық. Су ешкімге кедергі келтірмей өз арнасымен ғана ағады. Өсімдіктер мен аң құсқа нәр беріп, өмір сыйлайды. Оған мақтау-марапат қажет емес.

Судың бұл қарапайым көмегінсіз өмір деген нәрсе болар ма еді? Иә, өз ісімен ғана айналыса жүріп өзгенің өсіп жетілуіне, қиындықтарды жеңуіне көмектесу деген қандай рахат.

Осы ғибрат арқылы айналамыздағы адамдармен жылы қарым-қатынас, жақсы байланыс орнатып, олардың бастан кешкен өмір тәжірибесіне қызығушылық танытып, оларды не нәрсе ерекше және сиқырлы ететінін түсіне алатын болсақ ғой деп ойлаймын…

2-ғибрат. Үйлесім. Су тік жартасқа қарай ақты деп ойлайық. Айналып өтеді де аға береді.

Су қандай да бір кедергіге тап болған кезде әрқашан шешімін табады. Ешқандай күш қолдану жоқ, қақтығыс шығармайды.

Бұл ғибратты ойлағанда, біз неліктен бірінші кезекте ашуға, стреске ерік беретінімізді түсіне бастаймын.

Маңайымыздағы адамдармен үйлесім табудың орнына, айқай-шу, қарсылық жасауға бейімбіз. Жетістікке жетуге немесе өзімізді дәлелдеуге тым қатты құлшынатындықтан, бәрін күшпен өзгертуге тырысамыз.

Ақыр соңында, еш нәтижесіз тіптен де ашулы, тіптен де абдыраған біреу болып қалады екенбіз. Назарымызды табысқа, жетістікке емес үйлесімділікке ауыстыра білсек өзімізді еркін сезінер едік.

3-ғибрат. Ашықтық. Су өзгеріске ашық.

Температураға байланысты ол сұйық, қатты, газ тәрізді күйге ауыса алады.

Қандай нәрседе тұрғанына байланысты ол шайнек, кесе, леген, тіптен құмыра да бола алады.

Судың осы бейімделу қабілеті қоршаған ортаның көптеген өзгерістерін бастан өткерді және бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Біз аса жылдам өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз. Жабық есіктердің артына жасырынып, шектеулі ойлармен өзімізді артқа тартып отыра береміз бе, әлде есіктің бәрін ашып, сапарға шығу дұрыс па деген таңдау бар.

Ондай сапардың таңғажайып оқиғаларға толы болатыныныа сенімдімін.

Қарапайымдылық, Үйлесімділік, Ашықтық…

Бұл су философиясынан алатын үш ғибрат болмақ. Күйзеліске ұшырап, баз кешіп, не істерімізді білмей қалсақ өзімізге бір ғана сұрақ қояйық:  «Егер су болса қайтер еді?..»

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version