Сыбайлас жемқорлық сипаты мен салмағына қарай әртүрлі болады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, соның 110-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер болып отыр. Бұл көрсеткіш қоғамда жемқорлық мәселесінің әлі де өзекті екенін аңғартады. Қандай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеледі?