Home Без рубрики МОҢҒОЛИЯ ҰЛЫ ХУРАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ, МИНИСТР АУБАКИР ТЛЕУХАНҰЛЫНА

МОҢҒОЛИЯ ҰЛЫ ХУРАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ, МИНИСТР АУБАКИР ТЛЕУХАНҰЛЫНА

0

Құрметті Аубакир інім, Моңғол елі, соның ішінде Баян-Өлгий қазақ аймағының игілігі үшін атқарып жүрген еңбегіңнің табысты болуына тілектеспін!  Алғаш 2010-жылы Баян-Өлгийге «ат басын бұрып, орталарыңызда болып өздеріңіз бен бірге жұмыс жасайын» деп келдім дедің. Мен «Қалтай екеуіміз бірге оқыдық, тілеулеспіз дегенді айтып, біздің шаңырақта саған оң жол тілегенім» есіңде шығар.

    Содан бері Баян-Өлгий халқы саған сенді, сен де халықтың сенімін ақтап азаматтығыңды көрсетіп, халықтың ар намысын қорғап жүргеніңе ағалық тұрғыда дән ризамын.

Менің өзіңе айтпағым: Баян-Өлгий қазақтарының жартысы туған жерінде, жартысына таяуы Қазақстанда екі жақта өмір сүріп жатқанын жақсы білесің. Екіге бөлінген аз қазақ  ағайын бірін-бірі көрмесе,  әсіресе торқалы той, топырақты өлімде бет көріп, қуаныш- қайғысын  бөлісупесе тұра алмайтынын да жақсы білесің. Соңғы кездері әртүлі жағдай мен қатнасымыз тіптен жиілеп кетті. Осы тұрғыда Өлгийге Алматы, Астанадан тұрақты ұшақ ұшыру мәселесіне байланысты бұл жақтан Төлеубай Нығарбайұлы бастап, Парламенттегі үш депутатымыз қолдап мәселе көтергенімізге бір аз уақыт болды. Осыдан жаман күнімізде де сонау  1990-жылы Өлгейге ұшақ ұшырып тұрғанымызды тағы білесің. Сол ұшақ 23 жылы бойы ұшты. Бірақ, өкінішке орай 2012-жылы Ц. Элбэгдорж елімізге «террор» кіріп келеді деп Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін шығартып ақыры ұшақты тоқтатты. Баян-Өлгей жағынан қандай да бір  қауіп, террор келмейтінін Моңғол халқының бесіктегі баласына дейін біледі ғой. Дәл осы мәселені Моңғол мемлекет басшысына тікелей таныстырып, ары қарай Өлгейге ұшақ ұшатын етіп беруіңді өтінем. Егер солай жасап берсең Қазақстан жағынан ұшақ ұшыру мәселесі толықтай қаралып жатыр.    Бүгінгі жағдаймен аймақ әкімі Заңғар Есентайұлының хаты түсіп, Үкіметке жолданыпты. Мұнда Қазақстан жағынан Парламент депутаты Ерлан Сайыров, Қазыбек Иса, және Транспорт министіргі, Азаматтық әуе қатнас комитеті қол біріктіріп, жұмыс жасап жатқанын естіп отырған боларсың. «Скат» компаниясына арнап, Өлгий аэропортын жабдықтауға Қазақстан жағы 600,0 млн. теңгенің қаржысын шешті. Өлгийдің ұшақ алаңының сыйымдылығына байланысты 80-100 орынды ұшақ ұшыру мәселесі де шешімін табуда.

   Биыл Алматы мен Өлгий қаласы арасына ұшақ қатынасы орнағанына 36 жылдан асып отыр. Халқымыздың игілігіне, ағайындармен еркін араласуға жол ашқан осы қатнасты қайта жалғастыруды мұндағы азаматтар қолға алды. Халық та асыға күтіп отыр. Ал, жоғарыдағы шешімнің күшін жою Моңғолиядағы өзің сияқты беделді лауазым иелерінің ғана қолынан келері анық. Бұл ретте өзіңе үміт артамыз.

  Және өзіңнен тілейтін тағы бір тілегіміз: Моңғолиядан келген азаматтардың зейнетақысы қалай берілетінін, қандай өзгерістер болғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министірлігінен сұрап білдім. Мұнда: сол жақта оқыған оқу жылдарын, әскерде болған жылын есепке аламыз. Және қазақстанда жұмыстап тұрып Моңғолияға қайтқан адамдардың осы жақта еңбек өтілімінен  әлеуметтік қамсыздандыруға  төлеген төлемін тура қайтарып береміз дейді. Басқа кірген өзгеріс жоқ деді. Ал Моңғолияда пенсияға шыққан адамдардың әлеуметтік қамсыздандыруға төлеген төлемі бізге аударылмады. Сондықтан зейнет ақыларыңыз қосылмайды деп турасын айтты. Ал, біз Қазақстаннан шетке кеткен адамдардың әлеуметтік қамсыздандыруға төлеген ақшасын ең алдымен қолдарына беріп отырмыз дейді. Сіздер жақ Қазақстанға аударса біз осы жақтан беруге болады деп ағынан жарылып отыр. Сол үшін Моңғолияда өмір бойы жұмыс жасап сол жақтан пенсияға шыққан адамдардың әлеуметтік қамсыздандыруға төлеген ақшасын аударып, немесе тура қолымызға бергізуіңді өтінеміз.

  Сонымен қоса Үкіметтен жыл сайын беріліп отырған  «хувьцааны ногдол ашиг», қарияларға жылында бір рет беретін «хувийн хишиг»-тің ақшаларын көшіп келген адамдар біз ала аламыз ба? Соны білгіміз келеді.

                             Үзбен ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version