Мықты адамдарды кішкентай адамдар ұнатпайды. Өйткені мықты адамдардың қарым-қатынасы нашар сияқты және оларды ешкім басқара алмайтын сияқты сезіледі.
Мықты адамдар тек өздерін тыңдап, өзіне не лайықты екенін біледі…
Мықты адамдар-дың бойында өзіндік болмысы бар болғандықтан соған сай өмір сүруге деген ұмтылысын берік ұстанады…
Мықты адамдар лас нәрсенің бәрін сынап, өмірдегі барлық нәрсеге қарамастан мінез-құлқына сай өзін бақытты болдыра алады…
Мықты адамдар-дың ішкі өзегі мықты, ол өзекті жұлып алу, жою мүмкін емес. Олардың темірдей ұстанымы, өзін-өзі бағалауы, адамгершілігі және өзіне деген сенімін жою мүмкін емес…
Мықты адамдар ақиқатқа да, тағдырдың соққысына да, опасыз азапқа да, эмоциялар дауылына да төзімді…
Мықты адамдар ауырсынудан қорықпайды, өйткені олар жан дүниесіндегі қиындықтарды жеңуді, тозақты кесіп өтіп, жарақаттарын даналыққа айналдыруды, жан-дүниесіне сұлулық пен нәзіктікті сақтауды және өмірден ләззат алуды үйренген…
Мықты адамдар өзгелердің жолында көлденең тұрмайды, бақытты сатпайды, сүйіспеншілікті сұрамайды, бірақ егер тағдыр оларға сезім жіберсе, олар оны керемет сыйлық ретінде қабылдайды және ешқашан сүйіктісінен алшақтамайды…
Мықты адамдар адал өмір сүріп, ар-ұжданына сай әрекет етеді, өмір сүретін ортасына түр көрсетіп, рия жасамайды, басқаларға қалай өмір сүруді үйретпейді, керісінше өздерін тереңдетіп, дамытқанды жөн көреді…
Мықты адамдар өз тағдырларын басқалардың иығына артпай өзі көтереді, айтқандары мен істегендері үшін жауап береді, құлайтын болса қателіктерінен сабақ алады және тек өздерін кінәлайды…
Мықты адамдар бос өкініштің орнына дұрыс қорытынды жасауға бейім…
Мықты адамдар барлық жағынан таңдаулы, оларды майыстыра алмайсың, ешқашан орындалмайтын нәрсені олардың еркі мен қалауына қарсы қоя алмайсың…
Мықты адамдар қалай жүру керектігін біледі. Олардың сезімдерін, мінезін және төзімін сынама, сен өзің бұзыласың…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
