Бүгін ақпан айының басында, Ұлттық Академия кітапханасында ҚЖО- ның Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов жазушылар мен кездесіп Ата заң жайында таныстыру жасады. Алғашында сөз кезегін алған Абдрахман Сауытбек заман талабына сәйкес Ата заңымыздың қайта қаралып жатқанына тоқталып өз ойын ортаға салды, жалғастырып бірнеше жазушылар пікірлерін айтты.
Айтылған әңгімеге байланысты мен де өз пікірімді қалдырмақ тұрғыда Конституцяға байланысты пікір, ұсыныстарды шолып шықтым.
Содан «Ата заңымыз» деген ұғым Мемлекттің де мемлекетті құрап тұрған Халықтың да жаны, яғни жан дүниесі екенін ең алдымен түсінуіміз керек деп айтқым келді. Бұл Ата заңымызға әр жыл қол тигізе бермейтініміз де анық, бірден бүгінгі заман талабына сәйкес Президентіміз өзі Ата Заңымызға өзгертулер енгізуді ұсынды, оны халқы қолдап қызу талқыға сала бастады. Сондықтан Ата заңымызды дұрыстап, қызбалыққа салынбай, аса шеберлікпен, жүз өлшеп, бір кесе отырып ақылдылық пен және аса парасаттылықпен жазып шығу керек екені түсінікті болып отыр. Осыны жұмыс тобы ерекше ескерер деп ойлаймын.
Жазғанда жай ғана жазу емес жазған адамдар аса жауапкершілікті мойындарына ала отырып, ешбір қатесіз, артық ауыссыз, өмірге толық сәйкесетіндей етіп, ұлағаттылық пен жазса халық қалауынан шығып, кәдеге жарар еді.
Және де Ата Заңымызды әубастан қазақша ойлап, қазақы тілде, қазақы рухпен, қазақтың салт дәстүр, әдеп ғұрпына, менталитетімізге мыңдаған жыл бойы қалыптасқан мейірімділікпен қайырымдылыққа сүйене отырып қазақтың «әдемі тілімен» жазып қалдырудың өзі бір ғанибет. Сонан кейін ғана қай тілге де аудара беруге болар.
Ал кейбір атауларды да қайталап қарау артық болмайтын сияқты. Мұнда:
-Біздің тәуелсіз Қазақстан деген Мемлекетіміз бар, осыдан былай Өзімізді Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталғаны дұрыс болды.
-Парламентті Қазақстан Мемлектінің Ұлы Құрылтайы деп атайық.
-Ал, депутаттарды Ұлы Құрылтай мүшесі деп атайық. Қараңызшы, қандай ұнамды, қандай сәйкестік!
-Ал, Ата заңымызды Кониститутция дегеніміз дұрыс. Ал қазақтығымыз тұрғыда Негізгі Заң деп аталса, оған қалай қарайсыздар? Біздің Ата Заңымыз осыдан былай «Қазақстан Мемлекетінің Негізгі заңы» деп аталса Қазақстан мемлекеті деген атқа ұнасымды болар еді.
Ал, тіл мен дінге байланысты ұсынысым: Әлемде жалғыз ғана Қазақ Мемлекеті бар, оның мемлекеттік тілі қазақ тілі деп Мемлекетіміз ұсынды. Қалай болғанда да мемлекет ұсынысын қолдау түптің түбінде дұрыс болады. Қандай бір нәрсені ұшықтырып алмау жағынан ұсынған мемлекет саясатын неге қолдамасқа. Қазақстан мемлекетінде Діни тұрғыда тек қане Қанафия мәзһабын ұстанады, өзге ұлт өкілдері өз діндерін ұстануға толық құқылы деп енгізе салса дау да дамайда болмайды.
Негізгі заңның ұстанымдарына мыналарды анықрақ айқындап беру дұрыс, мұнда: Қазақстан мемлекетінің негізгі иесі оның халқы болып табылады.
Үкіметтің табысы, оның жер, жер асты үсті байлығы халықтыкі болып саналады. Осы байлықтардан халық әрбір жыл өз үлесін алып отыруға құқылы.
Қазақстан мемлекетінің халқы мен Үкіметі бірге болады, бір тұтастықты құрайды.
Қазақстан Мемлекетін халқы құрады, оны сақтайды, қорғайды. Ал Мемлекеті халқын аялайды, қамқорлығына алады, үрейсіз, қорқынышсыз, бейбіт өмір қалыптастырады. Барлық байлық, жақсылықты тек халқына арнайды.
Мемлекеті халқымен қамқорлық, мейірімділік заңдылығы аясында қатынасады. Бұл қоғамдағы адамдар арасының сыйластығы мейірімділік қатынасына айналады, ары қарай Азаматтық қоғам құрудың жолын ашады деп кіргізсе қалай болады? Жалпы Негізгі заңымыздың үйлесімін, сөз жүйесін, оның үтір, нүктесіне дейін қайта қайта қарау жөн сияқты. Мысалы, айыпталушы сот алдында өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиіс емес деп жазылған. Керісінше жазаланушы өзін өзі ақтауға құқлы деп жазылса үйлесімді болар еді. Сот, Прокурорға бақылау қоятын, оларды ұстайтын, тұтқындайтын ұйым жоқ ретінде жазылған. Оларды халық бақылайды, таразға салады, бағасын халық беріп отырады. Ал шешімін Президент шығарады деп жазылса қалай болады. Сот, прокурор, Күштік ұйымдар түгіл Президенттің өзін халық бағалайды, бағасын беріп сайлайды ғой. Осыны дұрыстау дұрыс болар.
Өмірде даудың көбі жеке адам мекеме, үкіметтік ұйымдар арасында болып жатады. Осы орайда жеке адамның күші төмен, ал Үкіметтік ұйым мекемелердің күші басым тұрады, осыны біздің сот теңестіретіндей әділ болуын Негізгі Заңымызға кіргізіп қойса артық болмас.
Тағы бір ойланатын нәрсе өзгелердің, әсіресе батыстың заң, ереже, стандарттарына байланып, оған тастай қатып қалудан сақтануымыз дұрыс. Біздің іскер азаматтарымыз осыдан болып, алдарын аша алмай, өздерінің потенциал күш қуатын пайдалана алмай жүр. Өйткені олар қатаң заң ереже стандартқа байланып, «өздері біліп істеуден, іскерлік жасаудан» мақрум қалатын түрі бар. Осылай мемлекет қызметіндегі іскері азаматтарымыз жасампаздықтан айырыла бастағаны дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан қазақтардың өз ақылы өздеріне жететінін еске ала отырып, әрбір азамат өзін дамытып отыруға, жасампаз, іскері болуға міндетті деп енгізуге болмай ма?
Қазақ халқының еркіндігі қоғамда бей берекетсіздік туғызу, азғындыққа берілу, біріне бірі қарсы шығу емес, адамдардың бірін бірі сыйлауы, құрметтеуі, жақсы көруі, тілеулес болуы, қолдауы, шынайы жанашырлығы арқылы береке мен бірлікті сақтауы болып табылады. Бұдан артық еркіндік, жақсы тірлік жоқ екенін Ата бабаларымыз аманат етіп кеткен. Осы сөздің қадір қасиетін орайын келтіре отырып, Негізгі заңымызға енгізіп алсақ береке бірліктегі Мәңгілік Қазақ елі болып қалыптасуымызға қажет пе деп ойлаймын.
Біз «Жалпы Берекелі Қазақстан Республикасы Халқымыз» дегенді Ата заңымызға айқындап сол мүддеге бір адамдай жұмылар болсақ ғана ірі мемлекеттер қатарынан бола аламыз. Бұл заң Мемлектіміз бен Халқымызды нақты қорғай алатын, және Халық пен Мемлекетті мәңгілік бірге етудің жолдарын аша алатындай жазылып, тарихта қалуы керек.
