Home ТАНЫМ «Сондай бір адамдар болатын…»

«Сондай бір адамдар болатын…»

0
Сондай бір адамдар болатын…
Ашуланғаны білінбейтін.
Шағым айтпайды, ренжіп қабағын түсірмейтін….
Кез келген уақытта, қандай жағдайда да бір қалыпта.
Артық-ауыс сөзі жоқ.
Өміріне қандай қиын жағдайлар тап болса да қайыспай бір өзі көтереді. Ал жақсылықтар кездессе басқаларға жайып салады.
Қара түнектің ішінен әппағын ғана тауып көре алатын. Ештеңені түсінбеген сыңай танытса да не болып жатқанын бәрінен артық біліп тұратын …
Жүктің ең ауырын көтеріп жүрсе де, артқы қатарда қалғып отыратын.
Оларға төбелер мен төбешіктер сияқты күн сайын кездесе бермесек те асқар таудай сенімді адамдар болушы еді …
Қандай мінез көрсеткеніңе қарамастан, арқа сүйерің болып алдыңда қасқайып тұрушы еді …
Жел сияқты өсекке, су сияқты өзгеріске ұрынбайтын.
Дәл сондай, туған жеріңдей жақсы адамдар болатын …
Іздейсің, таба алмайсың, жоқтайсың…
А.Т
#Амантайтойшыбайұлы

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version