Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады

Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады

0
Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Бағдарлар бағыттары:
• № 65 бағдар – Болашақ көшесі – «Отау» шағын ауданы;
• № 68 бағдар – «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
• № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.
Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді.
Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.
Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған.
Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version