Мейірімді қоғам

«Дала қасқырлары» фильмі канадалық беделді кинофестивальде жоғары бағаланды

Fantasia Film Festival кинофестивалінде қазақстандық фильм қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов пен Анна Старченко фестивальдің үздік актерлері атанды.

Фильм ұжымы үшін айтулы оқиға – оператор Еркінбек Птыралиев Оскар киноакадемиясының мүшелігіне қабылдануы. Осылайша, ол «Оскар»сыйлығына дауыс беруге қатысатын алғашқы қазақстандық атанады.

Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқырлары» фильмі бұған дейін Reims polar 2024 кинофестивалінде француз сыншылар қауымдастығының жүлдесін жеңіп алған болатын.

Фильм тәртіпсіздік кезінде ұрланған ұлын іздеп жүрген Тамара есімді әйелдің жан мұңын баяндайды. Ол күмәнді детективтің көмегіне жүгініп, кейін күтпеген оқиғаларға тап болады.

Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.

Exit mobile version