Мейірімді қоғам

Астанамызда «өңірлік» іс-шара әсерлі өтті Астана қаласы өңірінде ұлттық аспаптар өнерін дамыту жобасы аясында «Ел дамуының драйвері» Ата-Заңымыздың 27 жылдығына арналып өтті.

Коництитуция күніне орай “The Spirit of Astana” заманауи этникалық музыкасының халықаралық фестивалі 30 тамызда ЭКСПО көрме кешенінің аумағында салтанатты түрде басталып, кешкісі музыкалық концетпен жалғасты. Бүгін аптап ыстықта емес, қоңырсалқын күздің бейнесіндегі себезгі жаңбыр қала халқына жаңа өң, келбет сыйлағандай ерекше әсерлі сезіледі, құлпырған орта, әсем қала көркіне көзің тоймайды.Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен орайластырылған Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған бұл іс-шара Астана қаласының 25 жылдығының жалғасы, мереке ретінде өтті. Жиналған қауым The Spirit of Astana — жай ғана музыка фестивалі емес екенін көздерімен көрді. Оның мақсаты – музыкалық және мәдени дүниетанымын дамытуға деген ортақ ұмтылысы бар жастары, ұлттары мен қызығушылықтары әртүрлі адамдардың басын қосу, әлемдік орындаушылардың өздеріне тән ерекше музыкасымен таныстыруы қызықты болды. Фестиваль халықтар мен мәдениеттер достығының, бір арнаға тоғысуының символын танытып қане қоймай, осы тұрғыдағы ұстанатын әлем философиясы ретінде танылды. Фестиваль аумағында музыкадан бөлек, мәдени мұра мен жәдігерлер әлемін жиналған халық кеңінен тамашалап, әсер алды. Киіз және былғарыдан жасалған бұйымдар ескі көне дәстүрлерді ойға түсіреді. Қыш ыдыстар жасау өнері, көркемсурет, матаға сурет салу, әщекейлік бұйымдарды тамашалау мен қатар қойылған бұйымдарды сатып алушылар да аз болмады. Оның сыртында түрлі халықтардың тағамдарынан дәм татып, қолөнершілер жәрмеңкесінде өзгеше handmade бұйымдарды тамашалады. Фестиваль аясында TURAN (Қазақстан), ABBOS (Өзбекстан), BINT EL FUNK (Израиль), KEREKES BAND (Мажарстан), MGZAVREBI (Грузия), DJ PUZA (Қазақстан) секілді этникалық музыка майталмандары бір сахнада өнер көрсетті. Ұлттық дауыс, ұлттық музыкалардың сазды әуені жиналғандардың еңсесін бір көтеріп тастады. Саханада қайбір ұлттың өзіндік ерекшелігі, мәдениеті, дәстүрі ұлттық музыканың құдіретімен сезіліп тұрды. Біздің жастарымыздың танымдылығы да жоғары екенін байқауға әбден болады.

Exit mobile version