Астанада қандай көркем түңгі бақ,
Қала жайнап, тоғайлар сәл тұнжырап,
Қымыз тамар аңқылдаған ауадан,
Көл айнадай сәуле шашар сыбдырлап.
Жасыл бақта серуендеген жастар көп,
Өмір жолы енді ашылған дастан боп,
Сол жастарға қызыға кеп қараймын,
Біздің жастық өтіп кетті-ау бастан деп.
Осы шығар берекелі бар заман,
Ата-бабам қанша ғасыр аңсаған.
Осы шығар құт қонысым Жидебай,
Асан қайғы желіп жүріп таңдаған.
Жырмен бөлеп, нұрмен бөлеп қаланы,
Түскен шығар Жаратқанның жанары.
Сфера шар төбесінен о ғажап!
Періштелер көкке өрлеп барады.
