• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home СПОРТ 4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды
  • СПОРТ

4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды

By
Meirim Qogam
-
30.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Азия чемпионатындағы жарқын жеңісінен кейін Жәмилә Бақбергенова елге оралды.

     

    Астаналық жанкүйерлер, отбасы және спорттағы жақындары оны әуежайда ерекше ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды.

    «Жарыстан жақсы әсер алдым. 3 жекпе-жек өткіздім. Оның екеуі аздап қиын болды. Мен үшін қиынға түскен белдесу — біріншісі, яғни жапон қызымен,  екіншісі қытайлық қарсыласпен болды. Маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерге, туған-туыстарыма алғысымды білдіремін», — деді Жәмилә Бақбергенова.

    Еске сала кетейік, Жәмилә Бақбергенова Амман қаласында (Иордания) өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол қытайлық Юци Люді 4:1 есебімен ұтып, өз мансабында төртінші рет құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы атанды.

    Бұл жеңіс – тек Жәмиләнің ғана емес, күллі қазақстандық жанкүйерлердің ортақ қуанышы. Қазақстанның әйелдер күрес құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады.

    Post Views: 282
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕліміздің мешіттерінде Ораза айт мерекесіне орай іс-шаралар өтіп жатыр
      Next articleБүгін – Ораза айт мерекесі
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

      Meirim Qogam - 27.03.2025

      Азия құрлығынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы әйел спортшы Надежда...

      Meirim Qogam - 26.03.2025

      Елордалық көркем гимнасшылар халықаралық аренада топ жарды

      Meirim Qogam - 25.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version