• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Биыл Астанада миллионға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Биыл Астанада миллионға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр

By
Meirim Qogam
-
29.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

     

    «Ауа райының жылынуымен қалада абаттандыру және көгалдандыру жұмысы басталды. Биыл миллионға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, барлық ауданда қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) мен аулаларды абаттандырамыз. Қаланы аралау барысында Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарындағы бірқатар орынға бардым. Мәселен, Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралығында ескі үйлер мен заңсыз сауда нысандарын бұзған соң орнына жаңа қоғамдық кеңістік салуды жоспарлап отырмыз. Алаңның жалпы көлемі 10,5 мың шаршы метрді құрайды. Онда біз ағаштар мен бұталар отырғызып, тротуарлар саламыз», — деді әкім.

    Жазушылар аллеясында көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

    «Онда ірі ағаштар (100 данадан астам) отырғызу жоспарда бар. Қазір бұл аллеяда жасыл желектер отырғызу үшін орындарды дайындау жұмысы белсенді жүріп жатыр. Сарыарқа ауданындағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – вокзал маңындағы аумақты және оған іргелес көшелерді жаңарту. Осы жоба аясында Гете көшесін «Раиса ана» мешітіне дейін абаттандыру, яғни аумақты көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын орнату, қосымша тұрақ аймағын салу жоспарланған. Сол сияқты қауіпсіздікті арттыру мақсатында арнайы көтерілген жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталып, стационарлық боллардтар орнатылады. 2024 жылы Біржан Сал мен Гете көшелерін есепке алғанда, вокзал маңы аумағының бір бөлігіне ауқымды жаңарту жүргізілді. Мұнда жаңа жаяу жүргіншілер тротуарлары орнатылып, қоғамдық кеңістіктер ашылды, жасыл желектер отырғызылды және т.б. Сол сияқты «Жастар» театрының алдындағы аумаққа айтарлықтай өзгерістер енгізілді, көгалдандыру жұмысы жүргізілді және жергілікті суару жүйесі енгізілді», — деді Жеңіс Қасымбек.


    Абаттандыру жұмысы биыл да жалғасып жатыр.

    «Ғұмар Қараш пен Мәмбетов атындағы тарихи көшелерді жаңарту аясында 5 га аумақ абаттандырылып, ағаштар отырғызылды. Е.Рахмадиев атындағы филармонияның алдында жарықтандыру тіректерін жаңарту, заманауи көше жиһаздарын орнату және қолжетімділік қағидатын ескере отырып, жерасты өткелін реконструкциялау жоспарланып отыр», — деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

    Post Views: 379
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев музейге барды
      Next articleҚазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version