• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home САЯСАТ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев музейге барды
  • САЯСАТ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев музейге барды

By
Meirim Qogam
-
29.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды.

    Мәртебелі меймандарға Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Музей коллекциясында суретшінің шеберлігі шыңдалған негізгі кезеңдерді айшықтайтын 450-ге жуық туындысы мен графикалық кескіндемесі сақтаулы тұр.

    Сонымен қатар мемлекеттер басшылары өзбек бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, ұлты қазақ суретшісі Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналған ретроспективалық көрмені аралап көрді.

    Көрмеге И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейінен, Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Өзбекстан мемлекеттік өнер музейінен және Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінен 76 жұмыс қойылған.

    Президенттер қылқалам шеберінің ерекше қолтаңбасы мен ұлттық бейнелеу өнеріне үлес қосқан шығармашылық мұрасымен танысты.

    Алғаш рет Орал Таңсықбаевтың әр кезеңдегі картиналары бір кеңістікте орналастырылды. Бұл жұмыстардың арасында 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басындағы алғашқы туындылардан бастап жылымық дәуірінің үлкен полотноларына дейін бар.

    Post Views: 405
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleСЫҢСУ (СЫҢСЫМА) — «ахоу», Ырысгүл Қайратқызы
      Next articleБиыл Астанада миллионға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Моңғолия мен Қазақстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатпақ

      Meirim Qogam - 01.11.2025

      Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн деп санайды — Президент

      Meirim Qogam - 27.09.2025

      «Қазақстанда кездесуге дайынбыз»: Зеленский мен Путин келіссөзі туралы тың дерек шықты

      Meirim Qogam - 25.09.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version